"Адам болып жүрген жақсы ғой": Балғынбек Имаш Сырым Әуезханның әрекетін құптамайтынын айтты
Ол энергетикалық сусынды жарнамалаған еді.
Айтыскер ақын Сырым Әуезхан энергетикалық сусынды жарнамалағаны үшін әлеуметтік желіде сынға қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әлеуметтік желіде Сырым Әуезханның «Қасқыр» атауындағы энергетикалық сусынды жарнамалаған видеосы тарады. Ақынның бұл әрекеті көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыға түсті.
Жарнамаға пікір білдірген Балғынбек Имаш Сырым Әуезханның бұл әрекетін құптамайтынын айтты.
Ал Дидар Қамиев жарнамаға әзілмен жауап беріп, «Қасқыр» энергетикалық сусынының атауына қатысты ойын өлеңмен жеткізді.
Осылайша, Сырым Әуезханның энергетикалық сусын жарнамасына түсуі айтыскерлер арасында пікірталас тудырды.