Интернатта тәрбиеленген бұрынғы әскери қызметші Мадияр әскери борышын өтеу кезінде соққыға жығылып, ауыр жарақат алғанын мәлімдеді. Қазір жас жігіт баспанасыз әрі қаражатсыз қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның оқиғасын қоғам белсендісі Гүлмира Абықай жариялады.
Айтуынша, Мадияр әскерге дейін көлік жуатын жерде жұмыс істеп, сол жерде тұрған. 2025 жылдың мамырында әскерге шақырылып, Семейдегі Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөліміне жіберілген.
Мадиярдың сөзінше, 6 шілдеде офицер оның басынан ұрған. Кейін оны басқа әскери қызметші де ұрып-соққан. Соның салдарынан жас жігіт екі апта комада жатып, шамамен екі ай ауруханада емделген.
Қоғам белсендісінің айтуынша, бірнеше айдан кейін офицер Мадиярдан ешкімге шағымы жоқ екені туралы қолхат жазуды сұраған. Кейін оған 100 мың теңге беріп, Алматыға жіберген.
Қазір бұрынғы сарбаздың денсаулығында күрделі мәселелер бар. Тамақ аймағына түтік орнатылған, ол сөйлей алмайды және ота жасатуы қажет. Жақында Мадияр баспанасыз қалып, үш күн бойы тамақсыз жүрген.
Оған көмек ұсынғандарға жас жігіт ең алдымен өзін ұрып-соққандардың жауапқа тартылғанын қалайтынын айтқан.
«Маған көмек керек емес. Мен тек әскери бөлімдегі кінәлілердің жазаланғанын қалаймын», – деп жазды Мадияр.
Қазір ол уақытша қауіпсіз жерге орналастырылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңбыр қарға ұласуы мүмкін: 29-31 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
- авторОймақ
- 28 тамыз, 2026





