сенбі, 29 тамыз, 2026 12:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Еркебұлан Тоқтар айқын басымдықпен жеңіске жетті

Еркебұлан Тоқтар айқын басымдықпен жеңіске жетті
Жалпы Бобиржон Исроилов төрт рет нокдаунда болды.

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар (11-3) Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен (1-0) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Принц" лақап атымен танымал өзбекстандық спортшымен кездесу кәсіпқой бокс ережесі бойынша екінші орта салмақта өтті.

Жекпе-жекке дейін Еркебұлан Тоқтардың кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 2-0, 2 КО болса, Бобиржон Исроиловтың рекорды 1-0, 1 КО еді.

Кездесуде қазақстандық спортшы басымдық танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Жалпы Бобиржон Исроилов төрт рет нокдаунда болды.

Нәтижесінде екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, Еркебұлан Тоқтардың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар