Руханият

Тоқаев педагогтерді мемлекеттік наградамен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар педагогті мемлекеттік наградамен марапаттады.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:

"Парасат" орденімен

Өтелбаев Мұхтарбай – "Математика және математикалық модельдеу институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы

"Құрмет" орденімен

Урнгалиева Зуря Айтқұлқызы – "№ 3 "Зерде" бөбекжайы" МКҚК тәрбиешісі, Орал қаласы

Шерстобитова Марина Георгиевна – "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

Амерқанова Гүлбаршын Александровна – "№ 5 жалпы орта білім беру мектебі" КММ мұғалімі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы

Ахметова Ақмарал Дүйсебекқызы – "№ 2 жалпы орта білім беру мектебі" КММ мұғалімі, Атырау облысының Қызылқоға ауданы

Әлибаева Балмия Тұрабекқызы – "№ 24 мектеп-лицей" КММ мұғалімі, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы

Далмырзаев Сәкен Әбдіманатұлы – "Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты" КММ мұғалімі, Түркістан облысы

Кенжебекова Мереке Лесқұлқызы – "Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектеп" КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Шу ауданы

Коровин Андрей Иванович – "Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы жоғары аграрлық - технологиялық колледжі" МКҚК өндірістік оқыту шебері

Нұрпейісова Гүлмира Көлбайқызы – "Жарбұлақ орта мектебі" КММ мұғалімі, Абай облысының Мақаншы ауданы

Төлегенов Мақсат Қасымұлы – "Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ мұғалімі, Астана қаласы

Уәлибаева Айнагүл Әбішқызы – "Нұрым мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" КММ мұғалімі, Жетісу облысының Кербұлақ ауданы

"Шапағат" медалімен

Герасева Ирина Михайловна – "А.М.Горький атындағы гимназия" КММ мұғалімі, Қостанай облысы

Ляшова Ақерке Ермекқызы – "Балауса-Балғын" бөбекжайы" КМҚК тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы

Мырзабекова Жанна Қонысбекқызы – "№ 1 тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ мұғалімі, Ұлытау облысының Ұлытау ауданы

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы беріледі:

Ещанова Тамара Жеткербайқызы – "А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ мұғалімі, Алматы облысы

Жұмахметова Жанар Бейбітқызы – "Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мұғалімі, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы 

Исмаилов Қайрат Төлегенұлы – "Ақпараттық технологиялар" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ мұғалімі, Қарағанды қаласы

Ноғайбаева Гүлнар Төленқызы  – "А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы" МКК мұғалімі, Шымкент қаласы

Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы – "Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицейі" КММ мұғалімі, Қызылорда облысының Жалағаш ауданы