Украиналық дрондары Ozon маркетплейсінің тағы бірнеше қоймасына шабуыл жасады
- авторОймақ
- Бүгін, 10:31
- 23
Болжалды мәлімет бойынша, кей аймақта зардап шеккендер де бар, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, Украиналық дрондар Ресейдегі Ozon маркетплейсінің тағы бірнеше қоймасына шабуыл жасап отыр.
Краснодарда украиналық дрондардың шабуылы салдарынан 2 бала қаза тапты. Бұл туралы өңір губернаторы Вениамин Кондратьев мәлімдеді.
Оның сөзінше, дрондардың бірінің сынықтары жекеменшік балалар орталығына құлаған. Соның салдарынан екі бала көз жұмып, тағы жеті бала мен екі ересек адам жарақат алған. Сонымен қатар, шабуылдан кейін қойма ғимараттарында өрт шыққан.
Мұнан бөлек, Украина дрондары Адыгеядағы, Дағыстандағы және Ставрополь өлкесіндегі Ozon-ның логистикалық нысандарына да соққы жасаған. Ozon мәліметінше, Адыгейск пен Невинномысскідегі қоймаларда зардап шеккендер жоқ. Нысандар уақытша жабылған. Ал Махачкаладағы қоймада бірнеше адам зардап шегіп, өрт шыққаны хабарланды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






