Нұрсұлтан Назарбаев өз үйінде дауыс берді
Денсаулық жағдайына байланысты өз таңдауын үйінде жасаған.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ақпаратқа сәйкес, денсаулық жағдайына байланысты экс-президент сайлау учаскесіне бармай, өз таңдауын үйінде жасаған.
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі бұған дейін оның омыртқасына операция жасалғанын хабарлаған. Осыған байланысты ол дауыс беру құқығын үйінде пайдаланды.