жексенбі, 23 тамыз, 2026 12:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Құрылтай - 2026: Ерлан Қошанов Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс берді

Құрылтай - 2026: Ерлан Қошанов Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс берді
Ол сайлау учаскесіне келіп, заңда белгіленген тәртіппен дауыс берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Ерлан Қошанов Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ерлан Қошанов сайлау учаскесіне келіп, заңда белгіленген тәртіппен дауыс берді. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметін атқарған.

Бүгін Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Саяси науқан Президенттің 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығына сәйкес тағайындалған. Құрылтай құрамына партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді. Олардың өкілеттік мерзімі — бес жыл. Дауыс беру жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын түрде жүргізіледі.

Ел аумағындағы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін учаскелік сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санауға кіріседі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар