Экономика

Бүгін доллар қаншадан саудаланып жатыр

Еуроның сатып алу бағасы – 529 теңге, сату бағасы – 539 теңге.

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бүгінгі бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Елорданың айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 456 теңгеден сатып алынып, 463 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның сатып алу бағасы – 529 теңге, сату бағасы – 539 теңге.
Ресей рублі 5,40-5,70 теңге аралығында айырбасталуда. Ал қытай юаны 68,40 теңгеден сатып алынып, 72,53 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 459,33 теңгеден сатып алынып, 462,17 теңгеден сатылуда.

Еуроның сатып алу бағасы 533,83 теңге, ал сату бағасы 539,51 теңге болды. Рубль 5,32-5,46 теңге, юань 68,43-71 теңге аралығында саудаланып жатыр.