Қоғам

Қазақтанның бірқатар өңіріне дауылды ескерту жариялады

Еліміздің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

«Қазгидромет» бүгін, 21 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Елдің кей бөлігінде нөсер, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтілсе, батыста ауа температурасы +38°C-қа дейін көтеріледі.

Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Жел екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді. ШҚО-ның таулы аудандарында сел жүру қаупі бар.

Маңғыстау облысында күндіз +38°C, Атырауда +35...+38°C, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында +35°C-қа дейін ыстық болжанған.

Қызылорда мен Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында шаңды дауыл күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында тұман түсуі ықтимал. Астанада да түнде және таңертең тұман болжанады.

Сонымен қатар еліміздің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.