Әлем

Екі оқушы қаза тапты

Бұл туралы елдің Ұлттық полициясы мәлімдеді.

Филиппиннің Замбоанга қаласында мектептердің бірінде атыс болып, екі оқушы қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қаза болғандардың бірі — шабуыл жасаған оқушының өзі. Бұл туралы елдің Ұлттық полициясы мәлімдеді

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға Замбоанга қаласындағы университетке қарасты орта білім беру мекемесінде болған. Полицияның дерегінше, 9-сыныпта оқитын жеткіншек сыныпқа қарумен кіріп, оқ жаудырған.

Шабуыл салдарынан 10 жастағы оқушы көз жұмған. Оқиға кезінде тағы екі бала жарақат алған.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, атыс жасаған оқушы да қаза тапқан. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге нақтыланған жоқ.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, атыстың себептерін тексеріп жатыр. Оқушының қаруды мектепке қалай алып кіргені және шабуылға не түрткі болғаны да зерттелуде.