Сот Ұлдана Мырзуанның күйеуінің жәбірленушілер қатарынан шығару туралы өтінішін қанағаттандырмады
Шешімді судья Меруерт Абаева жариялады.
Сот марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуінің өзін жәбірленушілер қатарынан шығару туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Шешімді судья Меруерт Абаева жариялады.
Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның күйеуі соттан өзін жәбірленуші мәртебесінен босатуды сұраған еді. Алайда өтінішті қарағаннан кейін сот оны қанағаттандырудан бас тартты.
"Сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдап, жәбірленуші Зейнелдің өкілінің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұл өтінішпен негізгі сот талқылауы барысында жәбірленушіден жауап алынғаннан кейін қайта жүгінуге құқылы екені түсіндірілді", – деді судья Меруерт Абаева.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286938-sot-adilet-zeineldin-zabirlenusi-boludan-bas-tartu-turaly-otinisin-qanagattandyrmady