Руханият

Қайрат Нұртас кенже қызының тұсау кесу рәсімін өткізді

Белгілі болғандай Рабия Сұлтанның тұсауын танымал тележүргізуші Динара Сәтжан кескен.

Әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова 1 жасқа толған кенже қыздары Рабия Сұлтанның тұсау кесу рәсімін жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай Рабия Сұлтанның тұсауын танымал тележүргізуші Динара Сәтжан кескен. 

Осыдан бірнеше ай бұрын Жұлдыз менен Рабия Сұлтанның тұсауын кесуімді өтінген еді. Бұл мен үшін әдемі дәстүр ғана емес, мен үшін абырой, сенім деп қабылдадым.

Рабия Нұртас әулетіне шуақ болып келді, жылылық пен махаббатын ала келді.

Қайрат пен Жұлдыздың балалары көз алдымызда өсіп келеді. Барлығы өнерлі, тәрбиелі, білімді. Мұның артында ата-ананың ғана емес, бүкіл 7 атаның қаны мен жаны тұр. Ата-әженің көрегендігі мен құндылығы балаларға да мирас болып жалғаса бермек, - деп жазды Динара Сәтжан.

Өнер иелері қыздарының тұсауын тоқ ішек, жасыл шөп пен ала жіптен өрілген байлаумен кестірген. Әр заттың өзіндік мәніне тоқталған олар тоқ ішекті – тоқшылық пен молшылықтың, жасыл шөпті – өмір мен жаңарудың, ал ала жіпті – адалдықтың нышаны деп түсіндірді.