Трамптың арнайы шақыруымен Мемлекет басшысы АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
Мемлекет басшысының жоспарын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Америка Құрама Штаттарында өтетін G20 саммитіне қатысады. Мемлекет басшысының жоспарын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
«Үлкен жиырмалықтың» жоғары деңгейдегі кездесуі 14-15 желтоқсанда Майами маңында өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған халықаралық жиынға АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнайы шақыруымен барады. Қазақстан G20 ұйымына мүше мемлекет болып табылмаса да, америкалық тарап елді шақырылған қатысушылар тізіміне қосқан.
Алдағы өтетін алқалы жиынға дайындық барысын Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капур талқылады. Сыртқы саясат ведомствосының хабарлауынша, тараптар саммиттің күн тәртібін пысықтау жұмыстарын ары қарай жалғастыруға келісті.