Бүгін – жастар күні
12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Бүгінде әлемде 15–24 жас аралығындағы 1,3 миллиард жас өмір сүреді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, бұл — адамзат тарихындағы жастар саны ең көп кезең.
Ал Қазақстанда 14–35 жас аралығындағы 6 млн 192 мыңға жуық жас бар. Бұл — мектеп оқушысынан бастап жас ғалым, IT маманы, кәсіпкер мен мемлекеттік қызметшіге дейінгі кең әлеуметтік топ.
Жастар – елдің бүгінгі белсенді күші, жаңа идеялар мен батыл бастамалардың қозғаушысы. Бүгінде Қазақстанда 6 миллионға жуық жас бар. Мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім алуына, еңбекке араласуына, баспаналы болуына, кәсіп бастауына және шығармашылық әлеуетін дамытуына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қазақстандық жастар волонтерлік қозғалысқа да белсенді қатысып келеді.