Ақтауда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел қаза тапты
Қайғылы оқиға қаланың 4-шағынауданындағы №10 үйде болған.
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға қаланың 4-шағынауданындағы №10 үйде болған.
Өңірлік БАҚ мәліметінше, аталған дерек бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Әзірге басқа ақпарат жарияланған жоқ.