Спорт

Рыбакина Торонтодағы турнирде жеңіске жетті

Оның қарсыласы болса бірде-бір эйс жасай алмады.

Торонтода (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің кезекті жарыс күнінде қазақстандық Елена Рыбакина (№2, WTA) америкалық теннисші Энн Лимен (№31) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті, есеп – 6:2, 7:5.

Матч 1 сағат 28 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина екі эйс жасап, бір рет дабл-фолға жол берді. Оның қарсыласы болса бірде-бір эйс жасай алмады.

Қазақстандық теннисші келесі айналымда Майя Джойнт (Аустралия, №75) - Людмила Самсонова (Ресей, №55) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, Торонто турнирінің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долдарды құрайды. Қыздар сайысында жеңімпаз атанған теннисші 1 085 220 доллар және рейтингтік 1000 ұпайға ие болады.