сәрсенбі, 5 тамыз, 2026 15:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рақымшылық аясында 620 адам босатылды

Рақымшылық аясында 620 адам босатылды
polisia.kz
Қазіргі таңда соттар мыңнан астам материалды қарап шықты.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңның іске асырылуы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

- Заң күшіне енген алғашқы күннен бастап барлық аумақтық бөлімшелерде жүйелі жұмыс ұйымдастырылды. Біз күн сайын материалдардың уақытылы дайындалуын, олардың соттарға жолдануын және қабылданған сот шешімдерінің орындалуын бақылауда ұстаймыз. Бүгінгі таңда соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жолданды. Оның ішінде 4400-ге жуығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен, ал 6900-ден астамы пробация қызметтерімен дайындалған, - деді ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев.

Қазіргі таңда соттар мыңнан астам материалды қарап шықты. Нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды. Босатылғаннан кейін олар әкімшілік қадағалауда болады. Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат та жазасын өтеуден босатылды. Сонымен қатар 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

- Айта кету керек, қылмыстық рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталған бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды, - деді спикер.


 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар