Қоғам

Инстада бейәдеп сөз айтқан астаналық қамауға алынды

Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын қатаң сақтауға шақырады.

Астана полицейлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында 26 жастағы тұрғынды қамауға алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Instagram әлеуметтік желісінде ер адам қоғамдық орында бейнежазба түсіру кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды.

Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке жария еткен. Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы 26 жастағы Балташ Шыңғысхан болып шықты. Құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын қатаң сақтауға шақырады.