Қытайдың Сычуань провинциясында нөсер жаңбыр мен су тасқыны қаупіне байланысты шамамен 65 мың тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ kz сайтына сілтеме жасап.
Қытайдың Орталық телеарнасының хабарлауынша, 1 тамызда провинцияның бірнеше қаласына, оның ішінде әкімшілік орталығы Чэндуға тағы да қатты нөсер жауған. Кейбір аудандарда бір тәулікте 186 мм-ге дейін жауын-шашын түскен.
Қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті билік қауіпті аймақтардағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді ұйымдастырды.
Ресми мәліметке сәйкес, Сычуаньда мамыр айында басталған су тасқыны маусымы басталғалы бері жалпы саны шамамен 881 мың адам эвакуацияланған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жапониядағы жойқын апат: магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді
- авторОймақ
- 29 шілде, 2026





