Айбек Нұғымаров Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды
Бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі Абай облысындағы екінші аудан әкімінің тағайындауы.
Бүгін Абай облысының басшысы Берік Уәли Аягөз ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістерге сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар әкімдерін сайлау институты жойылды. Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімдері тиісті мәслихаттардың келісімімен тағайындайды.
«ҚР мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 25 бабына сәйкес ҚР Президенті әкімшілігінің, Аягөз ауданы мәслихат депутаттарының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Аягөз ауданының әкімі лауазымына Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды.
Айта кетейік, бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі Абай облысындағы екінші аудан әкімінің тағайындауы.