Бүгін доллар қаншадан саудаланып жатыр
АҚШ долларын айырбастау бағамы 470,00 теңгеден сатып алынып жатыр.
26 шілдедегі мәліметке сәйкес, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта айырбастау орындарында АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінің бағамдары жарияланды.
Астанада АҚШ долларын айырбастау бағамы 470,00 теңгеден сатып алынып, 476,91 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағасы – 533,01 теңге, сату бағасы – 542,94 теңге. Ал Ресей рублі 5,69 теңгеден қабылданып, 6,10 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды 471,76 теңгеден сатып алып, 474,18 теңгеден сатуда. Еуроның бағамы – сатып алу кезінде 537,88 теңге, сату кезінде 543,28 теңге. Ресей рублі 5,70–5,83 теңге аралығында айырбасталуда.
Шымкентте АҚШ долларын сатып алу бағамы 471,10 теңгені, сату бағамы 473,19 теңгені құрайды. Еуро 536,90 теңгеден сатып алынып, 542,76 теңгеден сатылуда. Ресей рубліне келсек, оны айырбастау орындары 5,71 теңгеден қабылдап, 5,78 теңгеден сатуда.