Қоғам

"Ұл-қыз деп бөлмейік": Жасұлан Базарбаев әйелді жазғыратын адамдарға қатысты пікір білдірді

Әнші болашақта ата-анаға кімнің көбірек жақсылық жасайтынын алдын ала болжау мүмкін емес екенін жеткізді.

"Диета KZ" тобының әншісі Жасұлан Базарбаев ұл немесе қыз туғаны үшін әйелді жазғыратын адамдарға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі мұндай көзқарастың адамгершілік пен имандылыққа жатпайтынын айтты, деп turkystan.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің бұл тақырыпты көтеруіне әлеуметтік желіде көзіне түскен "Қыз туатын әйел менде ғана ма?" деген пікір себеп болған. Жасұлан Базарбаев тоғыз ай бойы сәби көтеріп, өмірге бала әкелген ананы перзентінің жынысы үшін кінәлауға болмайтынын атап өтті.

Әнші болашақта ата-анаға кімнің көбірек жақсылық жасайтынын алдын ала болжау мүмкін емес екенін жеткізді. 

Жасұлан Базарбаев қоғамды әйелдерді баланың жынысына байланысты айыптауды тоқтатуға шақырды.