сәрсенбі, 22 шілде, 2026 15:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Балаева Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Балаева Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз
Желіде «жоғары лауазымды шенеуніктерді әжуалағаны үшін ұсталды» деген пікірлер тарап жатыр.

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева YouTube-тегі «Ахуал сегодня» арнасының авторы Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, Қазақстанда сатира мен әзіл үшін жауапкершілік көзделмегенін, алайда араздықты қоздыру белгілері анықталған жағдайда заң алдында жауап беру міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, әлеуметтік желілерде Омаровтың «жоғары лауазымды шенеуніктерді әжуалағаны үшін ұсталды» деген пікірлер тарап жатыр.

– Ең алдымен, елімізде сөз бостандығына кепілдік берілгенін, ал цензураға тыйым салынғанын ерекше атап өткім келеді. Сатира мен әзілдің өзі құқық бұзушылық болып саналмайды және ол үшін заңнамада жауапкершілік көзделмеген, – деп жазды Аида Балаева.

Сонымен қатар министр Қылмыстық кодекстің 174-бабында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

– Егер таратылған ақпараттан немесе контенттен қандай да бір алауыздықты қоздыру белгілері анықталса, оның сатира немесе әзіл түрінде ұсынылғанына қарамастан, заңнамада белгіленген жауапкершілік туындайды, – деді министр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар