Қоғам

Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты іс кейінге шегерілді

Процеске судья Саммидин Темірәлиев төрағалық етуде.

Шымкент қаласында Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қозғалған резонансты қылмыстық іс бойынша сот қарауы басталды. Процеске судья Саммидин Темірәлиев төрағалық етуде, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Алдын ала сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймаханның адвокаты істі алқабилердің қатысуынсыз қарауды сұрады. Сонымен қатар, қорғаушы тарап сотталушының денсаулық жағдайы нашарлағанын мәлімдеді.

Қаза болған қыздың отбасының өкілі Аянхан Омаров, керісінше, сот процесінің барынша ашық өткенін қолдады. Ол сот отырыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей трансляциялауды қамтамасыз етуді сұрады. Оның айтуынша, бұл іс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында және осы мәселеге байланысты Ұлттық құрылтайға 100-ден астам өтініш түскен.

Нәтижесінде алғашқы алдын ала сот отырысы кейінге қалдырылды. Бұған айыпталушының денсаулық жағдайының нашарлауы себеп болды. Судья кеңесу бөлмесіне шықпай-ақ, сот отырысын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.