Қазақстанда "Автобус" брендімен жаңа автобустар шығарылады
Дизель және газбен жүретін автобустарды сериялық шығару осы жылдың қараша айына жоспарланған.
Қазақстанда жаңа отандық автобус бренді іске қосылып, автокөлік өндірісінің түрлері кеңейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, компанияның басым жобаларының бірі – «Астана» атауымен жаңа автобустарды өндіріске шығару.
Компания басшысының мәліметінше, дизель және газбен жүретін автобустарды сериялық шығару осы жылдың қараша айына жоспарланған.
Бұдан бөлек, BYD компаниясымен бірлесіп жаңа буындағы аккумуляторлық батареялармен жабдықталған электр көліктері әзірленіп жатыр. Ал «Астана» маркалы электр автобустарын конвейерден шығару 2027 жылдың наурыз айында басталады деп жоспарлануда.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қандай автокөліктер шығарылатынына тоқталған болатын.