Қоғам

"Кешірім сұрай салайын деп тұрмын": Бағдагүл емші үндеу жасады

Сотқа дейін мәселені ушықтырмау үшін кешірім сұрауға дайын екенін жеткізген.

Бағдагүл есімімен танымал емші тележүргізуші Динара Сәтжан мен продюсер Баян Алагөзоваға қатысты айтқан мәлімдемелерінен кейін сотқа тартылуы мүмкін екенін айтып, көпшілікке жаңа үндеу жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода Бағдагүл емші сотқа дейін мәселені ушықтырмау үшін кешірім сұрауға дайын екенін жеткізген.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Пікір қалдырғандардың бір бөлігі емшінің әрекетін сынға алып, алдымен ауыр айыптаулар айтып, кейін кешірім сұрауға көшкенін жазса, енді бірі жағдайдың заң аясында шешілуі тиіс екенін алға тартқан.

Еске салайық, бұған дейін Бағдагүл емші Динара Сәтжан мен Баян Алагөзоваға қатысты даулы пікірлер айтып, олардың ар-намысына тиетін мәлімдемелер жасаған болатын. Осыдан кейін бұл мәселеге байланысты сотқа жүгіну ықтималдығы туралы ақпарат тараған.