Алматыда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтеді
Бұл туралы әртістің менеджері ресми түрде мәлімдеді.
14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтеді. Бұл туралы әртістің менеджері ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концерт Орталық Азия тарихындағы ең ауқымды музыкалық шоу болмақ.
Концерт билеттерінің алдын ала сатылымы 20 шілде күні сағат 12:00-де және 21 шілдеде Freedom SuperApp платформасында өтеді. Ал 22 шілдеден бастап билеттерді Ticketon.kz сайты арқылы да сатып алуға болады