Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды
Жақында сот процесі басталуы мүмкін.
Қоғам белсендіcі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ресми түрде аяқталды. Бұл жөнінде оның адвокаты Радмир Өтеп мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Адвокаттың хабарлауынша, тергеудің аяқталуына байланысты жақын уақытта сот процесі басталуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, белсенді Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында ұсталып, содан бері төрт ай бойы қамауда отыр. Бас прокуратура таратқан ақпаратқа сәйкес, оған «аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады» деген айыптар тағылған.
Сонымен қатар қадағалаушы орган Боқаевтың табысы аз азаматтарға ақша беріп, заңсыз ағаш кескізу және ұрлық жасау әрекеттеріне тапсырыс бергенін де алға тартқан болатын.