Kizdar.net сайтының топ-менеджері Грузияда ұсталды
Халықаралық іздеуде болған Kizdar.net платформасының топ-менеджері Грузияда ұсталды. Қазір құқық қорғау органдары оны Қазақстанға экстрадициялауды сұрап жатыр.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, ұсталған адам халықаралық іздеуде болған.
Kizdar.net платформасының күдікті ұйымдастырушылары мен IT әкімшілері Қазақстанда айыпталғанда, топ-менеджер сайттың жұмысын елден тыс жерлерде жалғастырған.
Қазір құқық қорғау органдары Бас прокуратурамен бірлесіп, оны Қазақстанға экстрадициялау бойынша жұмыс істеп жатыр.