11-13 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Мамандардың болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көптеген өңірінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Батыс облыстарда бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы ықтимал.
Ал шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар республика бойынша аптап ыстықтың беті қайтпайды. Күндіз ауа температурасы көптеген өңірде +33…+40 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда +38…+45 градусқа дейін жетеді.
Бұған дейін синоптиктер шілде айында Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болатынын болжаған еді. Аптап ыстық нөсер жаңбырмен, найзағаймен, екпінді желмен және шаңды дауылмен алмасып отырады. Оңтүстік өңірлерде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





