сәрсенбі, 8 шілде, 2026 17:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тамара Асар депутаттыққа не үшін барғысы келетінін айтты

Тамара Асар депутаттыққа не үшін барғысы келетінін айтты
Фото: әлеуметтік желіден
Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар Құрылтай депутаттығына ұсынылуына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұл қадамды саясатқа келу емес, халықпен бұрыннан жалғасып келе жатқан байланысының жаңа кезеңі ретінде қабылдайтынын айтты.

Оның сөзінше, өнер адамы елден бөлек өмір сүре алмайды. Әнші жылдар бойы үлкен қалаларда да, шалғай ауылдарда да халықпен жүздесіп, аналардың тілегін, ақсақалдардың батасын, жастардың арманын және қарапайым еңбек адамдарының үмітін көргенін жеткізді.

“Мен – халықтың қызымын. Өнердің де, өмірдің де тамыры – халықта”, – деді Тамара Асар.

Тамара Асар Қазақстан халық партиясының атауы мен бағдарламасы өзіне жақын екенін айтты. Ол партияға барлық мәселенің дайын жауабын білемін деп емес, тыңдауға, үйренуге және елмен бірге жұмыс істеуге келгенін атап өтті.

Әнші өмірдегі қиындық адамға шынайы қолдау мен жанашырлықтың қаншалықты маңызды екенін түсіндіргенін айтты. Сондықтан ол әсіресе тағдырдың түрлі сынағына тап болған жандардың, соның ішінде аяқ-қолынан айырылған адамдардың мәселесін көтергісі келетінін жеткізді.

“Аяқ-қолынан айырылған адамдардың жүрегіне жалау бола алсам деймін. Бұл тақырыпты өзім арқылы ұзақ зерттедім. Осы мәселені көбірек қозғауға тырысамын", – деді ол.

Сөз соңында Тамара Асар өзіне сенім білдірген Қазақстан халық партиясына алғыс айтып, халыққа жақын болу және елге пайдалы іс атқару басты мақсаты екенін айтты.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар