Түркістанда журналистің көлігін ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Өз кезегінде көлік иесі полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі жедел әрекетіне ризашылығын білдірді.
Түркістан қаласында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айдап әкетілген автокөлікті бірнеше сағат ішінде тауып, күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Түркістан қалалық полиция басқармасына журналист жүгініп, жұмыс орнының алдында тұрған өзіне тиесілі автокөлікті белгісіз біреу заңсыз айдап кеткені туралы арызданған.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиға орны мұқият тексеріліп, қаладағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлікті заңсыз айдап кеткен күдікті бірнеше сағат ішінде анықталды. Ол жұмыссыз, Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта автокөлік айғақты зат ретінде тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
Өз кезегінде көлік иесі полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі жедел әрекетіне ризашылығын білдірді.