сәрсенбі, 8 шілде, 2026 11:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қырғызстан мен Тәжікстанда жер сілкінді

Қырғызстан мен Тәжікстанда жер сілкінді
istockphoto.com
Қазіргі уақытта жер сілкіністері салдарынан қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 8 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:54-те Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі 41,24° солтүстік ендік пен 72,74° шығыс бойлық координаттарында орналасқан. Магнитудасы – 4,8. Энергетикалық класы – K=10,4.

Жер сілкінісінің қарқындылығы мынадай болды: Тоскоол, Қара-Бұлақ, Гелеген ауылдарында – 4 балл; Ескі-Массы, Алма, Қызыл-Октябрь, Массы, Советское ауылдарында – 3,5 балл; Майлуу-Суу қаласында, сондай-ақ Базар-Қорған, Кочкор-Ата, Үш-Бұлақ ауылдарында – 3 балл; Арсланбоб, Жай-Терек және Манас ауылдарында – 2,5 балл.

Бұдан бөлек, 8 шілде күні Астана уақытымен сағат 03:42-де Тәжікстан аумағында магнитудасы 5,4 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 39,21° солтүстік ендік пен 71,30° шығыс бойлық координаттарында орналасқан. Магнитудасы – 5,4. Энергетикалық класы – K=12.

Қазіргі уақытта жер сілкіністері салдарынан қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар