Спорт

Аргентина Мысырды жеңіп, ширек финалға шықты

Алайда матчтың соңғы бөлігінде әлем чемпиондары керемет камбэк жасады.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина құрамасы Мысырды 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Атлантада өткен кездесуде мысырлықтар алғашқы таймда Яссер Ибрагимнің (15-минут), кейін екінші таймда Мостафа Зиконың (67) голдарының арқасында 2:0 есебімен алға шықты. Ал Лионель Месси бірінші таймда пенальтиден мүлт кеткен болатын.

Алайда матчтың соңғы бөлігінде әлем чемпиондары керемет камбэк жасады. 79-минутта Кристиан Ромеро есеп айырмасын қысқартса, 83-минутта Лионель Месси таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақыттың екінші минутында Энцо Фернандес жеңіс голын соғып, Аргентинаға 3:2 есебімен жеңіс сыйлады.

Осылайша Лионель Скалони шәкірттері әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алып, келесі кезеңде Швейцария құрамасымен кездесетін болды.