Спорт
Қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия Азия чемпионаты финалына шықты
- авторОймақ
- Бүгін, 14:34
- 71
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан намысын қорғап жатқан Еркебұлан Анапия финалға жолдама алды.
82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда тәжікстандық Мухаммад Султонзоданы 13-3 есебімен жеңді. Енді ол финалда Иран өкілі Алиреза Мохаммад Хоссейнимен күш сынасады.
Сонымен қатар, 60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола жүлде үшін белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротамен кездеседі. Ал 67 келіге дейінгі салмақта Досбол Шамиль үндістандық Ануджбен қола жүлдеге таласады.
97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев Қытай өкілі Синью Люмен қола жүлдені сарапқа салады.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






