бейсенбі, 2 шілде, 2026 20:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты

Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты
Фото: gov.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың жақындарына қайғырып көңіл айтты.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді», — деді Ержан Сәденов.

Министрліктің басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасына заң аясында қажетті барлық көмек пен әлеуметтік қолдаудың толықтай көрсетілетінін жеткізді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар