Спорт

Еуропа кубогы: Қазақстан екі медаль алды

Бұған дейін 60 келі салмақта Шерзод Давлатов алтын алса, Нұраділ Әлжан қола медальға ие болған еді.

Прагада (Чехия) дзюдодан Еуропа кубогі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz 

Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде ел қоржынына бір алтын және бір күміс медаль салды.

Ғалымжан Қырықбай 100 келіден жоғары салмақтың ақтық сынында командаласы Жантілек Нұртілепұлымен кездесті. Нәтижесінде Ғалымжан Қырықбай айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Тасним Абдуали қола жүлде үшін күрескен еді. Дегенмен шешуші белдесуде Германия өкілі Хелен Хабибтен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келі салмақта Шерзод Давлатов алтын алса, Нұраділ Әлжан қола медальға ие болған еді.