Әлеумет

Зорлық көрген қария: ұлы алып қойған заттың бәрін қағазға тізіп жүрген

Ал ұлы қарияны есінен ауысқан деп қаралауға көшкен көрінеді.

Әлеуметтік желіде ұлы тарапынан зорлық көргені айтылған қарияның жағдайы көпшіліктің назарын аударған еді. Белгілі болғандай, қазір ақсақал немерелерінің қолына көшкен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Немерелері қарияның ұлы алып қойған заттың бәнін тізіп жазып жүргенін айтты. Ал ұлы қарияны есінен ауысқан деп қаралауға көшкен көрінеді. 

Айта кетейік, қарияның жағдайы әлеуметтік желіде жарияланды. Ақсақалдың айтуынша, ұлы оған күш көрсетіп, еркін жүруге де мүмкіндік бермеген.

Оның айтуынша, жұбайы өмірден өткеннен кейін туыстары қара шаңыраққа сирек келетін болған. Уақыт өте келе үйдегілердің де қарым-қатынасы өзгеріп, жақындарымен байланысы үзіліп қалған.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Сарыөзек ауылында егде жастағы тұрғынға қатысты зорлық-зомбылық жасалған болуы мүмкін деген ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.