«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 маусым күнгі ауа райы болжамын жариялады
Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде 40 градус аптап ыстық болады.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 маусым күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағына әліде солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан фронталды бөлімдер өз әсерінен тигізіп, найзағайлы жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарында 35-38 градус қатты ыстық болжанған.
Ал Түркістан облысында термометр бағаны 40-42 градусты көрсетеді.
Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде 40 градус аптап ыстық болады.
Айта кетейік, Астанада 23 маусым күні ауа температурасы +36,8°C-қа дейін көтеріліп, 85 жылдық рекорд жаңартылды. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 1941 жылы тіркелген +36,4°C болған еді.