Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды
АҚШ доллары 482,98 теңгеден сатып алынып жатыр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының жаңартылған бағамы жарияланды.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, елордадағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 482,98 теңгеден сатып алынып, 489,98 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 550,00 теңге, сату бағамы – 560,00 теңге. Ресей рублі 5,90–6,30 теңге аралығында ұсынылса, қытай юані 69,61 теңгеден қабылданып, 74,34 теңгеден сатылуда.
Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар 485,78–487,72 теңге аралығында саудалануда. Еуроның бағамы сатып алу кезінде 553,10 теңге болса, сату құны 558,62 теңгені құрайды. Рубль 5,90–6,08 теңге аралығында өзгерсе, юань 71,82–74,19 теңге аралығында айырбасталып жатыр.