Қоғам

Алматы тауларында бес турист құтқарылды

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жедел жетті.

Алматы тауларында ТЖМ құтқарушылары 5 туристке көмекке келді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бутаков сарқырамасы ауданында 2000 метрден астам биіктікте 2007 жылы туған бес жігіт Букреев шыңынан төмен түсу кезінде бағытынан жаңылып, адасып қалған.

Көмек қажет екенін түсінген олар 112 нөміріне хабарласқан.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жедел жетті.

Құтқарушылар туристерді тауып, оларды "Бұтақты" бақылау-құтқару бекетіне дейін қауіпсіз түсірді.

Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлауға, өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауға және баратын бағытыңыз туралы жақындарыңызға алдын ала хабарлауға шақырады.