Әлеумет

Курьер болып жұмыс істеген әйел Шымкентке қайта оралды

Олар мемлекет тарапынан жасалған ұсыныстардан бас тартып, өз еркімен Алматыдан кетіп қалған.

Алматыда құндақтағы нәрестесін құшақтап, курьер болып жұмыс істеген әйелдің отбасы Шымкент қаласына қайта оралды. Бұл жөнінде Сенатта өткен брифингте Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, әлеуметтік желіде фотосы тарап, қоғамда үлкен талқылау тудырған оқиғадан кейін жергілікті билік өкілдері отбасына барып, көмек ұсынған. Алайда олар мемлекет тарапынан жасалған ұсыныстардан бас тартып, өз еркімен Алматыдан кетіп қалған.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев бұл отбасының 19 мамырда Шымкенттен Алматыға көшіп келгенін және туған қаласында жағдайлары жақсы болғанын айтқан еді. Бірінші вице-министр Тұяқбаев бұл деректердің жариялануы жеке мәліметтерді тарату заңын бұзу болып есептелмейтінін де атап өтті.