сейсенбі, 23 маусым, 2026 17:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бурабайдағы масқара: Көлдің іші лас, бірде-бір әжетхана жоқ

Бурабайдағы масқара: Көлдің іші лас, бірде-бір әжетхана жоқ
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Бурабайға барар жолдағы Ақылбай ауылының маңында орналасқан Кіші Шабақты көлінің аянышты күйі қызу талқыланып жатыр.

Кезекті демалушы қыз табиғат аясындағы мүшкіл санитарлық жағдайды видеоға түсіріп, дабыл қақты. Оның айтуынша, көл суының ластығы сондай, шомылу былай тұрсын, жақындау мүмкін емес. Ең сорақысы — жағажай маңында халық баратын бірде-бір қоғамдық әжетхана атымен жоқ болып шықты. Тәбиғи мұқтаждығын өтеу үшін турист орманға қарай 500 метрдей жаяу жүруге мәжбүр болған.

Бірақ ол жақта да оңған ештеңе жоқ: орман іші тұрмыстық қалдықтар мен адамдардың артынан қалған ластыққа толып тұр. Ашынған турист әжетхана болмаған соң, мәдениетсіз адамдар тура судың маңында кіші-үлкен дәретке отырып жатқанын айтады.

Осы масқарадан кейін ол бұл жағажайға екінші қайтып аттап баспайтынын жеткізді.

Инфрақұрылымның жоқтығы мен мәдениетсіздік әдемі табиғатымызды осылай құрдымға жіберіп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар