Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-тың Арлингтон (Техас штаты) қаласында өткен әлем чемпионатының J тобындағы екінші тур матчында Австрия қақпасына екі гол соғып, турнир тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Кездесу барысында 38 жастағы футболшы дубль жасап, командасының 2:0 есебімен жеңіске жетуін қамтамасыз етті. Осылайша, Месси әлем біріншіліктерінде соққан голдар санын 18-ге жеткізіп, германиялық шабуылшы Мирослав Клозенің (16 гол) 12 жылдан бері бұзылмай келген тарихи рекордын жаңартты.
Айта кетейік, Лионель Месси Клозенің бұл көрсеткішін бұған дейінгі Алжир құрамасына қарсы өткен матчта-ақ теңестірген болатын. Ол сол кездесуде хет-трик жасап, 16 гол шегіне шыққан еді. Қазіргі таңда бұл тарихи нәтижеге жақындауға мүмкіндігі бар жалғыз футболшы – еншісінде 16 голы бар Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе саналады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
2027 жылы Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді
- авторОймақ
- 22 маусым, 2026






