дүйсенбі, 22 маусым, 2026 4:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Айбек Оралбай әлем кубогының алтын медалін иеленді

Айбек Оралбай әлем кубогының алтын медалін иеленді
Фото: ҰОК
Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогында бес алтын медаль жеңіп алды.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Қытайдағы әлем кубогының алтын медалін иеленді. Бұл туралы turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.

Аса ауыр салмақта ( 90 келіден жоғары) ел намысын қорғаған Айбек Оралбай финалда Германия боксшысы Никита Путиловпен жұдырықтастып, 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

Ақтық сынға дейін Айбек 1/2 финалда бразиялық Жоел Рамостан 3:2, 1/4 финалда ағылшын боксшысы Мэтью Уильямстан 5:0, 1/8 финалда АҚШ өкілі Нажай Райттан 5:0 есебімен басым түскен.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогында бес алтын медаль жеңіп алды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар