сенбі, 20 маусым, 2026 18:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды

Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды
istockphoto.com
АҚШ доллары – 488,37 теңге.

Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде 20 маусымдағы валюта бағамы белгілі болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 484,01 теңгеден сатып алынып, 490,96 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 557,99 теңге, сату бағамы – 567,97 теңге. Ресей рублі 6,20–6,50 теңге аралығында саудалануда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 487,93 теңгеден сатып алынып, 489,82 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы – 559,03 теңге, сату бағамы – 564,16 теңге. Рубль 6,37 теңгеден қабылданып, 6,49 теңгеден сатылып жатыр.

Шымкентте доллардың сатып алу бағамы 488,19 теңге, сату бағамы 490,23 теңге болды. Еуро 558,15 теңгеден сатып алынып, 563,81 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 6,38–6,45 теңге аралығында қалыптасты.

Ұлттық банктің 20 маусымға белгіленген ресми бағамына сәйкес, АҚШ доллары – 488,37 теңге, еуро – 559,77 теңге, Ресей рублі – 6,64 теңге.

19 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,64 теңгеге өсіп, 488,37 теңгені құрады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар