бейсенбі, 18 маусым, 2026 16:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Синоптиктер 18 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 18 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады
pxhere.com
Бүгін бірқатар өңірде ауа райы құбылмалы болады.

Синоптиктер 2026 жылғы 18 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" мәліметінше, бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Мамандардың болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі.

Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша желдің екпіні күшейеді деп болжанып отыр. Ал солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау өңірлерінде аптап ыстық сақталады. Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде де ауа температурасы +35, +40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Бұдан бөлек, бірқатар аймақта жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының кей бөліктерінде, Ақмола, Жетісу, Павлодар және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі жоғары болады.

Ал Қызылорда, Түркістан, Абай облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарының кей аумақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райы ескертулеріне назар аударып, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар