"Егіз деді": Ерке Есмахан жүктілік кезіндегі ерекше оқиғасын айтып берді
- авторОймақ
- 16 маусым, 2026
- 34
Танымал әнші Ерке Есмахан ұлы Батырдың 1 жасқа толған күнінде көпшілікке осы уақытқа дейін айтпаған сырын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында жүктілік кезінде басынан өткен әсерлі әрі ауыр сәттер туралы жазды, деп Oimaqnews.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әншінің айтуынша, ұлы Ислам дүниеге келгеннен кейін арада небәрі 10 ай өткенде ол қайтадан аяғы ауыр екенін білген. Бұл жаңалыққа қатты қуанған Ерке дәрігерге қаралып, тексерістен өте бастаған.
Алғашқы УДЗ кезінде дәрігерлер оған құрсағында егіз сәби бар екенін айтқан.
"Бірінші УДЗ-ге барғанда дәрігерлер "егіз" деді. Құрсағыма екі сәби біткен екен", – деп жазды әнші.
Алайда кейінгі тексеріс кезінде егіздердің бірінің жүрек қағысы тоқтағаны белгілі болған. Дәрігерлер екінші сәбидің жақсы дамып жатқанын айтып, әншіні сабырға шақырған.
"Бірінші скринингке барғанда егіздердің бірінің жүрек қағысы жоқ, ал екіншісі жақсы дамып жатыр деді. Екінші скринингте де Батырдың дені сау, қалыпты өсіп жатқанын білдік. Екінші эмбрион мұндай жағдайда кедергі болмайды екен", – деді Ерке Есмахан.
Өнер иесі тоғыз айдан кейін ұлы Батырдың аман-есен дүниеге келгенін айтып, бүгінде баласының дені сау екенін жеткізді.
"Батыр баламыз бүгін 1 жасқа толды. Қазір былдырлап сөйлеп, күліп, еңбектеп, бізді қуанышқа бөлеп өсіп келе жатыр. Дені сап-сау, Аллаға сансыз шүкір", – деп жазды әнші.
Ерке Есмахан жүктілік кезеңі жеңіл өткенін де атап өтті. Оның сөзінше, Батыр 3 келі 800 грамм болып дүниеге келген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Танымал блогер Мейрамбек Беспаевқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- 14 маусым, 2026





