Қоғам

"Әділет" партиясы AMANAT партиясына алғыс білдірді

Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған.

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне өз қатарына қосылу туралы қабылданған шешімі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Партия өкілдері аталған қадамды маңызды әрі жауапты шешім деп бағалап, оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформалар мен Әділетті Қазақстанды құру бағытын қолдаудың көрінісі ретінде сипаттады.

Мәлімдемеде халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтардың өмір сапасын жақсарту, заң үстемдігі мен әділеттілікті нығайту, сондай-ақ елдегі оң өзгерістерді қолдау ортақ мақсат екені атап өтілген.

Сондай-ақ «Әділет» партиясы жауапкершілік, адал еңбек және Қазақстанның дамуына бағытталған құндылықтарды қолдайтын барлық азаматтарға ашық екенін мәлімдеп, елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды ілгерілету жұмысын жалғастыратынын жеткізді.