сәрсенбі, 17 маусым, 2026 13:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Курьер ана қайырымдылықтан бас тартты

Курьер ана қайырымдылықтан бас тартты
Фото: коллаж politico.kz
Бірақ олар өздері көмектен бас тартты.

Желіде сәбиін құшағына қысып, курьер болып жұмыс істеп жүрген ананың суреті тарағаннан кейін көпшілік оның тағдырына алаңдап, жан-жақты көмек көрсетуге ниет білдірген еді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Politico.kz.сайтына сілтеме жасап.
Алматылық блогер Алмат Несіпқалиев әйелді арнайы іздеп тауып, бірнеше күн бойы оған қол ұшын созуға әрекеттенгенін айтты. Оның сөзінше, алдымен анамен кездесіп, қажетті заттарын апарып берген. Кейін келісімімен бейнематериал түсіріп, халықтан қаржылай көмек жинауды жоспарлаған.

Блогердің айтуынша, түсірілім барысында отбасының жағдайымен толық танысып, құжаттарын, медициналық анықтамалары мен қаржылық мәселелерін тексерген. Алайда видео жарияланар сәтте күтпеген жағдай болған.

«Менің мақсатым – видеоны жариялап, халық болып көмек жинауды бастау еді. Бірақ олар өздері көмектен бас тартты. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатқанын, уақытша баспанамен қамтамасыз етілгенін және жұмысқа орналастырылатынын айтты. Сондай-ақ видеоны жарияласам, үстімнен арыз жазатынын ескертті», – деді Алмат Несіпқалиев.

Ол бірнеше күн бойы бар уақытын осы іске арнағанын, шынайы ниетпен көмектескісі келгенін, алайда соңында отбасының шешіміне құрметпен қарап, бұл тақырыпты жабатынын мәлімдеді.

Осылайша, әлеуметтік желіде қызу талқыланған «курьер ана» оқиғасына әзірге нүкте қойылды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар